empty
 
 

Жиі кездесетін графикалық фигураларға Үшбұрыш паттерны жатады. Бұл шырақ комбинациясын барлық қаржы аспаптарының графиктерінде және кез-келге тайм-фреймдерде кездестіруге болады. Үшбұрыш трендтің жалғасу моделі болып табылады. Бұл, оның пайда болар алдында аю немесе бұқа тренді болатынын білдіреді. Модель нарықта белгісіздік пайда болғанда, яғни аюдың мүддесі бұқаның мүддесімен теңдесетін кезде және әрі қарай қалай жүретінін "нарық шешетін" кезде, қалыптасады.

Үшбұрыш паттернын құру үшін кем дегенде 4 нүктені - шырақтардың максимумдары бойынша трендтік сызықты салу үшін екеуі және шырақтардың минимумдары бойынша трендтік сызықты салу үшін екеуі керек. Графикте шоғырлану орын алғанда, бағаның ауытқуы азаяды, соның нәтижесінде бұл фигураны сәйкестендіру мүмкін болмақ. Қолдау/кедергі сызықтары қиылысқан сәтте, Үшбұрыш аталатын осы шырақ комбинациясы қалыптасуының аяқталуы туралы айтуға болады.

Көтерілетін, төмендейтін және симметриялық үшбұрыштар

Баға моделінің үш түрі бар:Көтерілетін, төмендейтін және симметриялы үшбұрыштар. Үшбұрыштың көтерілетін моделі көтерілетін трендтен кейін пайда болады және ол жоғары қарай кетуі керек:

1 сурет. Көтерілетін үшбұрыш паттернның графиктегі түрі

Бұл ретте бағаның максимумдары бойынша құрылған сызық көлденең (кедергі сызығы) болып келеді немесе аздап жоғары ұмтылады. Шырақтардың минимумдары бойынша құрылған төменгі сызық сәйкесінше, жоғары бағытталған және көлденең сызықпен қиылысуы керек. Баға кедергі сызығын қиып өткенде баға өсуінің жалғасуын күту керек– көтерілетін тренд жалғасады. Алайда баға төменгі сызықты төмендету жағына қарай да қиып өтуі мүмкін. Сол кезде бағаның төмендеуін күту керек, сонда бұл тренд бұрылуының фигурасы болмақ - үш шың, оны көп жағдайда үшбұрышпен шатастырып алады.

Төмендейтін үшбұрыш төмен бағытталған. Оған бағыттың келесі түрлері тән: шырақтардың максимумдары бойынша құрылған жоғарғы сызық, жоғарыдан төмен қарай еңкейген, шырақтардың минимумдары бойынша құрылған төменгі сызық - көлденең, немесе төмен ұмтылған.

Баға төменгі сызықты жоғарыдан төмен қарай кесіп өткенде төменгі трендті күту керек.

Симметриялық үшбұрыштың екі трендтік сызығы бұрышпен жүргізілген және формация ортасына бағытталған. Осындай фигураны кесіп өту, әдетте алдыңғы трендтің бағыты бойынша өтеді. Ол тренд жалғасуының ең болжамды моделі болып келеді:

2 сурет. Симметриялық үшбұрыш паттерннің түрлері

Үшбұрыш паттерні бойынша саудалау

Үшбұрыш фигурасын қалыптастыру кезінде нарыққа кірудің үш нұсқасы болуы мүмкін:

– бірінші нұсқа: баға үшбұрыштың трендтік сызығын кесіп өткеннен кейін нарыққа кесіп өткен жағына қарай кіру мүмкіндігін қарастыруға болады. Бұл ретте, кесіп өті жүзеге асқан шырақтың жабылуын күту керек. Бұл нарыққа кірудің ең тәуекелді әдісі;

– екінші: аса сенімді кіру үшін фигураның кесіп өткен сызығының ретестін күту керек;

– үшінші нұсқа: баға сызықтар арасында қалған минимум немесе максимумды қайтадан жазуы керек. Тәуекелі ең аз нұсқа және мұндай кіруде пайданың аз болуына қарамастан, оны алу сенімділігі көбірек болмақ.

Бағаның Үшбұрыш паттерны сызығын қиып өтуге жақындаған кезде, модельдің сенімділігі кемитінін ескеру керек. Егер кесіп өту фигураның жалпы ұзындығының 50-75% шегінде жүрсе, онда ол неғұрлым сенімді болады.

Тейк-профит деңгейі үшбұрыштың тік сызығымен біріктірілетін, ең алыс екі нүктенің арасындағы қашықтыққа тең арақашықтықта орналасады. Пайданы алудың екінші нұсқасы да бар, онда баға кесіп өтетінге қарама-қарсы сызық үшін параллель жүргізіледі. Баға осы параллель сызықпен жанасқанда мәміле пайдамен жабылады.

Стоп-лосс төмендейтін модель үшін максимумда немесе көтерілетін формация үшін фигураның минимумында белгіленеді. Стоп-лосты егер торгуется симметриялық үшбұрыш саудаланса немесе сызықтың бірі тренд жалғасуына қарай бағытталса, төменгі минимум/максимумда орнатуға да болады. Үшбұрыш фигурасын саудалауды сақтықпен қолдану керек, өйткені, тренд бұрылысының фигурасымен шатастырып алуға болады. Бірақ оны дұрыс анықтағанда және мәмілеге сауатты кіргенде жақсы пайданы алуға болады.

Өзекті паттерндер

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.