Сондай-ақ қараңыз
ИнстаФинтех компаниялар тобы құпиялық саясатының барлық ережесін ұстанады. Біз сіздің сеніміңіз мен адалдығыңызды бағалаймыз, сенімділікті қамтамасыз ете отырып, әрбір клиентті құрметтейміз. Осы ережелер біздің бұрынғы, сондай-ақ болашақ клиенттерімізге де таралады.
Сіз өзіңіздің осы немесе демо-шотыңызға сүйеніп әрекет еткенде, біз іскерлік мақсатта сіз туралы жеке ақпаратты сұратамыз, мысалы, сіздің қаржылық қажеттіліктеріңізді бағалау үшін, Сіздің өтінімдеріңіз бен операцияларыңызды өңдеу үшін, сізге қызықты болуы мүмкін өнімдер мен қызметтер туралы хабардар ету үшін, сіздің шотыңызға қызмет көрсету үшін. Мұндай ақпарат мыналарды қамтуы мүмкін:
Cookies - бұл сайтқа келушінің компьютерінде сақталатын шағын файлдар, онда әр бетке өту мен кіру статистикасын қадағалап отыру үшін сайт пайдаланатын ақпарат қамтылған. Бұл ақпарат жарнаманың ең тиімді бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ сайтқа кірушілердің белсенділігі туралы жалпы түсінік береді. ИнстаФорекс компаниясы немесе оның кез -келген жобасы компанияның бағдарламалық жасақтамасымен жұмысты қамтамасыз етуде осы файлдарды пайдалана алады. Cookies-те қамтылған ақпарат анонимді болып табылады және пайдаланушыны сәйкестендіруі міндетті емес.
ИнстаФорекс Қауіпсіз Қосылыстар Протоколын (SSL) - сіз ұсынатын белгілі бір ақпаратты қорғау үшін кодтау технологиясын пайдаланады. Технологияның бұл түрі сіздің ақпаратыңызды бізге беру кезінде ИнстаФорекс компаниясынан басқа біреулердің алуынан қорғайды. Біз веб-сайттарымыздың толық қауіпсіздігін және олардың салалық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін табандылықпен жұмыс істейміз. Сондай-ақ, біз басқа да қорғаныс құралдарын, мысалы, қол жеткізуді шектеу, аутентификация жүйесі (мысалы: құпиясөздер және жеке сәйкестендіру нөмірі), сондай-ақ жүйелерге және деректер базаларына рұқсатсыз кіруді бақылау механизмін қолданамыз.
Біз жоғарыда сипатталған жеке ақпаратты клиенттердің шоттарына қызмет көрсету және компанияның жаңа өнімдері мен қызметтері туралы хабардар ету сияқты іскерлік мақсатта, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, серіктестерге бере аламыз. Серіктестеріміздің қатарына бізге тиесілі немесе біздің бақылауымыздағы компаниялар, сондай-ақ компанияның капиталына қатысу үлесі бар компаниялар кіруі мүмкін. Серіктестерге берілетін деректер жоғарыда аталған кез-келген ақпаратты, атап айтқанда: аты-жөні, мекен-жайы және шот деректемелерін қамтуы мүмкін. Біздің серіктестеріміз де ИнстаФорекс компаниясы сияқты, аталған саясатқа сәйкес, құпиялылыққа кепілдік береді.
ИнстаФорекс жоғарыда сипатталған ережелерді қоспағанда, сіздің жеке ақпаратыңызды үшінші тұлғаларға бермейді. Үшінші тұлғаларға техникалық қолдауды қамтамасыз ететін, жеке деректерді сақтау құпиялылығына кепілдік беретін және оларды ИнстаФорекс компаниясының бақылауымен техникалық қызмет көрсету үшін ғана пайдаланатын басқа да компаниялар кіруі мүмкін. Біз сондай-ақ сіздің жеке ақпаратыңызды сіздің нұсқауларыңызды орындау үшін үшінші тұлғаларға бере аламыз. ИнстаФорекс сіздің жеке ақпаратыңызды ешқашан сатпайды.
Белгілі бір жағдайларда ИнстаФорекс нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес сіздің жеке ақпаратыңызды үшінші тұлғаларға бере алады. Мысалы, сотқа келу талаптары және басқа да ресми сұратулар болған жағдайда, өз құқықтарымыз бен меншігімізді қорғау мақсатында реттеуші органдармен және құқық қорғау органдарымен қызметтестік үшін сіздің деректеріңізді бере аламыз. Осы ережелерді қоспағанда, біз сіздің жеке ақпаратыңызды сіздің келісіміңізсіз өзге мақсаттарда пайдаланбаймыз.
Біз сұратқан қандай да бір жеке ақпаратты сіздің беруіңіз міндетті емес. Алайда бізге қажетті деректерді алмаған жағдайда, біз сізге шот ашып немесе оған қызмет көрсете алмаймыз. Сондықтан берілетін ақпарат шынайы, толық мәліметті болуы үшін клиенттерге жеке ақпаратыңыздағы кез -келген өзгерістер туралы компанияға хабарлауға кеңес береміз.
Егер сіз жеке мәліметтеріңіз жоғарыда сипатталған жағдайлардан басқа кезде үшінші тұлғаларға қол жетімді болғанын қаламасаңыз, онда бізбен электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: clients@instaforex.com немесе мына пошта адресіне хат жіберіңіз:
ИнстаФорекс
ПАММ-шоттары
Your IP address shows that you are currently located in the USA. If you are a resident of the United States, you are prohibited from using the services of InstaFintech Group including online trading, online transfers, deposit/withdrawal of funds, etc.
If you think you are seeing this message by mistake and your location is not the US, kindly proceed to the website. Otherwise, you must leave the website in order to comply with government restrictions.
Why does your IP address show your location as the USA?
Please confirm whether you are a US resident or not by clicking the relevant button below. If you choose the wrong option, being a US resident, you will not be able to open an account with InstaTrade anyway.
We are sorry for any inconvenience caused by this message.