empty
28.03.2018 09:38
Белгісіздік нарықтарға салмақ салуда

Өткен аптаның соңында Д. Трамп шабуылға көшіп, Қытайдан келетін импортқа жаңа кедендік баж енгізілетіні туралы жариялады. Қытай сол шараларымен жауап беріп, АҚШ тауарларына жалпы құны 3 млрд доллар құрайтын, кіріс баждарын көтерді. Бұл жаңалық нарыққа жағымсыз әсер етті, өйткені әлемдік экономиканың екі көшбасшысы - АҚШ пен Қытай арасындағы ауқымды сауда шайқасының басталуына түрткі болды.

Осы жаңалықтар негізінде, АҚШ-та, Қытай мен жалпы азия аумағындағы акциялар нарығы құлдырады. Құрылықтық Еуропаға да оңай тиген жоқ, өйткені болат және алюминийге баж салығын көтеру оларды да шарпып өтті. Осы жаңалықтар аясында, жұма күні ЕО саммитінде, еуропалықтар қарсы шаралар қабылдайды деп хабарланды. Шын мәнінде, америка президентінің Штаттарды ұлы және экономикалық табыскер ел етуге ұмтылысы, ішкі тауар өндірушілерді қолдаудағы өзінің протекционистік шараларын толық көлемде іске асыра бастады деп айтуға болады.

Егер компаниялардың акциялары өздерін өткен аптада, жұмсартып айтқанда, өте жайлы сезінбеген болса, мемоблигациялар нарығы қорғаныс активтеріне сұраныстың артуы аясында, жапон иенасы, швейцарлық франк және алтын сияқты қолдауға ие болды. Ал валюта нарығы жоғарыда аталған валюталарды қоспағанда, бұл оқиғаларға таң қаларлық тыныштықпен жауап қатты. Бұл ең алдымен, АҚШ пен Қытай, бәлкім Еуропа арасындағы сауда қақтығысының қаншалықты тереңдейтіні әзірге түсініксіз болуымен байланысты. Оның үстіне, ФРЖ соңғы отырысы көрсеткендей, реттеуші бұдан әрі де пайыздық ставкаларды көтере береді, ал егер инфляциялық қысым күшейе түссе, онда бұл процесс қарқын алуы мүмкін.

Валюта нарығында долларымен жұптастықта бүйірлі динамикаға жеткізетін қосымша себеп, биылғы жылы ЕОБ сандық жұмсарту бағдарламасын тоқтатқаннан кейін келесі 2019 жылы пайыздық ставкаларды көтеру туралы шешім қабылдауы болмақ. Төмен инфляция және іскерлік белсенділіктің айқын баяулауы, соңғы деректер көрсеткендей, еуропалық реттеушіні монетарлық саясатты күшейтуге асықпауға мәжбүрлеуі мүмкін. Англия Банкінің қарыз алу құнын көтеру жағдайына келсек, олардан бірқалыпты көтеруді күтуде. Бұл ретте, Brexit'у бойынша келіссөздер нәтижесі бойынша белгісіздік факторын да ескеру қажет.

Қорытындылай келе, соңғы күндердегі оқиғалардың - Вашингтоннан жеткен саяси сипаттағы соңғы жаңалықтар мен олардан келген белгісіздіктің жоғары дәрежесі, жаңа аптада жапон иенасын қоспағанда, доллар қатысатын барлық валюта жұптарының бүйірлі динамикасын жалғастыруға ықпал етер.

Күннің болжамы:

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы доллардың тартымдылығына жағымсыз әсер етеді деген қауіптің болуы себепті, доллардың әлсіреуі кезінде, EURUSD жұбы өсе түсуде. сонымен қатар, жұп төмендейтін жалауша трендін жалғастыратын фигураны іске асырады. Осыны ескере отырып, бағаның 1.2425 дейін өсуі ықтимал

USDJPY жұбы 104.65 деңгейінен жоғары бірігуде. Ол 105.50 қысқа мерзімді қолдау алуы мүмкін.

Изображение больше не актуально

Изображение больше не актуально

Қазір сіз телефон арқылы сөйлесе алмайсыз ба?
Сұрағыңызды чатта қойыңыз.
 

Dear visitor,

Your IP address shows that you are currently located in the USA. If you are a resident of the United States, you are prohibited from using the services of InstaFintech Group including online trading, online transfers, deposit/withdrawal of funds, etc.

If you think you are seeing this message by mistake and your location is not the US, kindly proceed to the website. Otherwise, you must leave the website in order to comply with government restrictions.

Why does your IP address show your location as the USA?

  • - you are using a VPN provided by a hosting company based in the United States;
  • - your IP does not have proper WHOIS records;
  • - an error occurred in the WHOIS geolocation database.

Please confirm whether you are a US resident or not by clicking the relevant button below. If you choose the wrong option, being a US resident, you will not be able to open an account with InstaTrade anyway.

We are sorry for any inconvenience caused by this message.